БҚО-да сайлауды 901 бақылаушы бақылайды

15 Қараша 2022, 14:29
1337
Бөлісу:
БҚО-да сайлауды 901 бақылаушы бақылайды
Фото: автордан

Бұл жайлы Орал қаласында «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының ұйымдастыруымен ҚР Президентіне кезектен тыс сайлау науханына байқау жүргізуге дайындық жұмыстары бойынша өткізілген брифинте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалы осыған дейін сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасасқан болатын.

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық аймақтық өкілі Асхат Өкшебаевтың айтуынша, филиал 21 қыркүйектен бастап 40-тан астам іс-шара өткізген.

Орал қаласы мен 12 аудандағы байқаушыларға 21 оқыту семинар-тренингі, бірінші рет сайлауға қатысатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша - 4, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу - 6, байқаушыларға арналған  тренингтер, аймақтық сайлау комиссиялары жұмыстарымен танысу - 6, сайлауға түсуші кандидаттардың теңдігін байқау бойынша - 6 шара ұйымдастырылған.

 Сонымен қатар, сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағаз бастылықты азайту мақсатында арнайы байқаушы блокноттары барлық байқаушыларға үлестірілген.

Облыстық филиал 20 қараша ҚР Президентіне кезектен тыс сайлау күні 505 сайлау участкесінде 901 байқаушы жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте облыстың 18 координаторы: Орал шахарында 6, аудандарда 12 және 54 мобильді капитан, заңгер, БАҚ және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер арқылы жұмыстар атқаратын болады, - дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аймақтық өкілі Асхат Өкшебаев.

Өзгелердің жаңалығы