БҚО-да республикалық маңызы бар жол қалпына келтірілді

2024 жылғы 1 сәуірде сағат 18:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы республикалық маңызы бар «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымында еріген қар суының салдарынан жол төсемін су басып, оның бұзылуына әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 2 Сәуір 2024 2024, 16:22
2 Сәуір 2024 2024, 16:22
720
Фото: скриншот

Кеше БҚО-да «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымын су басып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірде сағат 18:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы республикалық маңызы бар «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» тас жолының 35-шақырымында еріген қар суының салдарынан жол төсемін су басып, оның бұзылуына әкелді.

Мамандар дереу шара қабылдап, инертті материалдарды төсеп, жөндеу жұмыстарына 14 арнайы техника мен 20 маман жұмылдырылып, жолды қалпына келтірді, - делінген хабарламада. 

Аталмыш учаскеде бүгін сағат 16:10-да көліктер үшін қозғалыс ашылды.

Наверх