БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған

26 Тамыз 2022, 01:28
926
Бөлісу:
БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған

Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған, –  делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады. 

Өзгелердің жаңалығы