Облыстағы қант қоры 607 тонна. Зауыттар қантты килограмына 490 теңгеден сатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Сәтқалиев бүгінде облыс тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қантқа қажеттілігі айына 1 340 тонна (940 тонна – халық, 400 тонна – индустриялық қажеттілік) екенін айтты.
Облыстың қантқа деген қажеттілігінің 70%-дан астамы көлік логистикасының ыңғайлылығына байланысты Ресей мен Беларусь қант зауыттарының өнімдерімен қамтамасыз етілгені белгілі. Алайда наурыз айында Ресей өз аумағынан қант экспортына тыйым салды.
Алайда, жинақталған қор мамыр айының басына дейін қантқа сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазір қант еліміздің Жамбыл ("Тараз" және "Меркі" зауыттары) және Алматы ("Көксу" зауыты) облыстарында орналасқан зауыттардан жеткізіліп отыр. Маусым-тамыз айларында көтерме жеткізушілер облысқа 39 вагон (2 652 тонна) жеткізді және 515-517 теңгеден сатылды, – деді Бауыржан Сәтқалиев.