БҚО-да полиция жәбірленушінің 700 мың теңгесін қайтарып берді

13 Қараша 2024, 19:11
251
Бөлісу:
БҚО-да полиция жәбірленушінің 700 мың теңгесін қайтарып берді
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында полиция қызметкерлері “Instagram” әлеуметтік желісінде жасалған алаяқтықты ашып, жәбірленушіге 700 мың теңгені қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазан айының басында 20 жастағы азаматша әлеуметтік желі арқылы Тайландқа арзан тур ұйымдастыратынын айтқан. Алайда алаяқ ешқандай тур ұйымдастырмай, ақшаны алып, із-түссіз жоғалып кеткен. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Нәтижесінде жәбірленушінің шығыны толық өтеліп, ақшасы қайтарылды. Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне қылмысты жылдам ашып, қаражатты қайтарғаны үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы