Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да мемлекетке 56 млн теңге шығын келтірген экс-шенеунік сотталды

6 Қыркүйек 2025, 01:50
442
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сырым ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жол құрылысы барысында бірқатар заңбұзушылық белгілі болды. Бұл заңсыздықтарға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу материалдарына сәйкес, экс-басшы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 56 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Сот шешімі күшіне енді

Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы