БҚО-да көктайғақ: үш көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Орал-Атырау трассасының 492-227 шақырымы мен Самара-Шымкент жолының 266-480 шақырымында уақытша қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Желтоқсан 2022 2022, 17:27
АВТОР
 16 Желтоқсан 2022 2022, 17:27
16 Желтоқсан 2022 2022, 17:27
3610

БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Орал-Атырау трассасының 492-227 шақырымы мен Самара-Шымкент жолының 266-480 шақырымында уақытша қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 желтоқсан күні сағат 12:02-де Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы №10 Өрт сөндіру бөліміне «Атырау-Орал» тас жолының 393 шақырымында автокөліктің өртеніп жатырғандығы туралы ақпарат түскен. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жолдың мұздақ болуынан Ниссан Патрол (жүргізушісі Орал қаласының тұрғыны), Форд Галакси автокөлігі (жүргізушісі Жаңақала ауданының тұрғыны) және Ауди 100 автокөліктері (жүргізушісі Казталов ауылының тұрғыны) соқтығысқан. Оқиға орнында Ниссан Патрол автокөлігі өртеніп кеткен.

Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жетіп, сағат 13:35-те толық сөндірілген. Оқиға орнында 9 адам түрлі жарақаттар алған, оның 3-і бала. Ақжайық аудандық ауруханасына 3 адам жеткізілді.

Наверх