Батыс Қазақстан облысында көкпарды өткізу кезінде жылқылар көрермендер отырған тұстағы турникеттерден секірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Мой город" порталының мәліметі бойынша, оқыс оқиға 2024 жылдың 28 қыркүйегінде орын алған, салдарынан бірнеше адам жарақат алды.
Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар болмады деп нақтылайды.
Турнир Бәйтерек ауданының 85 жылдығының мерейтойына арналған. Жарысқа БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарының командалары қатысты.