БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

12 Қараша 2024, 11:54
215
Бөлісу:
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҚО-да қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауыты салынады.

Өңірде өнеркәсіп көлемін арттыру бағытында Қарашығанақты кеңейту жобасы іске асырылуда. Былтыр 4-ші компрессор, ағымдағы жылы 5-ші компрессор пайдалануға берілді. Ал 6-шы компрессордың құрылысы аяқталуға жақын. Мемлекет басшысы өткен жылы өңірімізге жұмыс сапары барысында Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жөнінде тапсырма берді. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Болашақта жаңа газ өңдеу зауытының іске қосылуы өз елімізде өндірілген тауар газымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Нариман Төреғалиев.

Сондай-ақ, өңірде мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар шығаратын зауыт іске қосылған.

Өткен жылдың соңында «Рожковское» газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Осы жылдың басында облыстың ішкі нарығына жеткізу 30% құраса, қазіргі уақытта өңір қажеттілігі 100% өтелді, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы