БҚО-да экологиялық саясат жүзеге асырылуда

6 Ақпан 2025, 16:00
136
Бөлісу:
БҚО-да экологиялық саясат жүзеге асырылуда
Фото: gov.kz

Орал қаласының 47 жалпы білім беретін мектебінде контейнерлерге тұқым себуге арналған экологиялық сынып сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында Боз арша мен Арша тұқымын егу жұмыстарын жүргізді. Олар көктемде өскіндерді мектеп ауласының топырағына трансплантациялау үшін оларды шыныаяқтарға отырғызды. Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері балаларға өз кеңестерін берді.

Биологиясабағыбарысында оқушылар арша тұқымдастарын контейнерлерге отырғызды. Әр қатысушыға бес пластикалық шыныаяқ пен қолғап жиынтығы берілді. Акцияға қатысқан оқушылар ағаш өсіру ережелері туралы білмегендіктен оларға орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері кеңес берді.

Шараға Орал қалалық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі басшысының көмекшісі Темірлан Темірғалиев қатысты:

Таза Қазақстан – бұл идеологиялық бағдарлама. Мемлекет басшысы қоршаған ортаға деген тазалық пен ұқыптылық ұлттық менталитеттің бір бөлігіне айналуы тиіс, өйткені бүкіл өркениетті әлем осылай өмір сүретіндігін айтқан болатын. 

Бұл іс-шара кішкентай кезінен бастап табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту үшін маңызды саналады.Тұқымдарды отырғызу кезінде олардың ерекшеліктерін, оларға қалай күтім жасау керектігін және олардың қалай өсетінін ескеру қажет.Белгілі бір уақытта тұқымдар ылғалды ортаға түсуі керек. Мұғалімдер көктемде олар өскіндерді мектеп ауласындағы топыраққа ауыстыратынын айтты.

Жалпы облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы арнайы 5 кезең «Жасыл аймақ», «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» бойынша жүзеге асырып келеді. Экологиялық  акцияға еріктілер, ЖОО және АОО студенттері, белсенді жастар, қала тұрғындары қатысып, жалпы 7500-нан астам адам қамтылды.

«Біз таза ел үшін» атты қоқыс жинау эстафетасы өткізіліп. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, 6 командаға бөлініп, қаламызды 3 тонна қоқыстан тазалады.

Өзгелердің жаңалығы