БҚО-да дүкен иесін үйінің ауласында атып кетті

19 Шілде 2022, 01:22
1660
Бөлісу:
БҚО-да дүкен иесін үйінің ауласында атып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да дүкен иесі оққа ұшты. Қылмыс қаруы ауладан табылды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

18 шілде БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстың мән-жайын айтты. Ер адам дүкеннің қожайыны болған. Мәйіт Ақсай қаласында 15 шілде күні табылды. Кәсіпкердің басына оқ тиіп мерт болған.

Үйдің ауласынан белгісіз маркадағы кесілген шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Мәйіт Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы