Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да басқарма басшысы 100 млн теңге парамен ұсталды

Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
VIDEO
Фото: Нұркен Алишев - архив

БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады, - деп жазылған хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға қанша сыйақы төленетінін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы