БҚО-да балық құтқару шаралары жүргізілуде

18 Ақпан 2025, 20:45
423
Бөлісу:
БҚО-да балық құтқару шаралары жүргізілуде
PHOTO
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Батыс Қазақстан облысында ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша балықты құтқару мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.

БҚО-да балық құтқару шаралары жүргізілуде

Бұл ретте, әсіресе, тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлінуде.

Қыстың салыстырмалы түрде жылы болуына қарамастан, өңірдегі көптеген су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жетеді, бұл балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады.

БҚО-да балық құтқару шаралары жүргізілуде

Қазіргі уақытта: 136 000 ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5000 текше метрден астам су айдындарға айдалды, жұмыстарға 657 адам және 167 техника бірлігі жұмылдырылды.

Балықтың қырылуын болдырмау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы