Олар – Ақжайық және Шыңғырлау аудандарының тұрғындары. Қазір індет ошақтарын улау және ауру малды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 3 адам сарыпқа шалдыққан еді. Қатерлі инфекция салдарынан адамның буындары, жүйкесі мен жүрек-қан тамырлары зақымдалады.
Ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл аймақта мыңға жуық ірі қарадан бруцеллез анықталған.
Бұл ауырған адамдардың барлығы ауру жануарды күту барысында осы індетті жұқтырып отыр. Науқаспен қатынаста болған тұлғалар, барлығы 17 адам анықталып, олар тексеріліп, олардың нәтижесі теріс мәнді болып отыр,- Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Кажушева.