БҚО-да 231 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

3 Ақпан 2024, 13:15
538
Бөлісу:
БҚО-да 231 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

БҚО-дағы Шыңғырлау ауданының прокуратурасымен жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтарымен жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтындығы анықталды.

Прокуратурмен жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізілді.

Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн. тг. соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы