БҚО-да 2 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр

3 Мамыр 2024, 12:30
413
Бөлісу:
БҚО-да 2 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр
Фото: ОКҚ

БҚО-дағы су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлім етті.

Өңірде су басу қаупі сейіліп келеді. Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап төмендеп жатыр. Соңғы тәулікте 7 см-ге түсті. Судың қазіргі деңгейі – 8 м 6 см. 

Қазіргі уақытта Ақжайық және Теректі аудандарында жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы бақылауда. Тәулік ішінде эвакуацияланған адамдар жоқ, – деді спикер.

Бүгінде Тайпақ ауылында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілгені байқалады. Соңғы тәулікте 55 см дейін көтерілген, қазіргі деңгейі 8 м 5 см құрап отыр. Облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.

Жалпы, облыс бойынша су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарына 899 адам, 177 бірлік техника, 24 су сору құралы, 19 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы