Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да 17 инвестициялық жоба іске қосылады

Кеше, 11:15
211
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесті. Тараптар шетелдік инвесторларды қолдау және тарту мәселелерін жан-жақты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ басшысы бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Мәселен, былтыр облыс делегациясы ҚХР-ға 2 рет іссапармен барып, нәтижесінде энергетика, машина жасау, АӨК және басқа салалар бойынша 19 жобаны іске асыру мәселелері жөнінде 11 инвестормен меморандумдар жасалды. Кездесуге ірі инвесторлардың бірі – «Vega Power» компаниясының басшысы да арнайы қатысты.

Инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастыру - жергілікті атқарушы органның басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу жолдарының бірі - индустриялық аймақ аумағында жүзеге асырылатын «Қожетімділік үшін төлем» тетігі. Тың тәсіл инженерлік инфрақұрылымды инвестордың қаражаты есебінен салуды, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін индустриялық аймақтың қатысушылары мен мемлекет тарапынан шығындарды кезең-кезеңімен өтеуді көздейді.

Кездесуде облыс әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға және «Vega Power» холдингінің инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы