БҚО-да 150-ге жуық киік өлексесі табылды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Мамыр 2023 2023, 14:36
АВТОР
 Экология министрлігі 20 Мамыр 2023 2023, 14:36
20 Мамыр 2023 2023, 14:36
996
Фото: Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95% - ы төлі, 5% - ы аналықтары.

Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан.

Наверх