Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен БҚО әкімі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.
Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев
-
Туған жылы: 1970 жыл.
-
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы.
-
Білімі: 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика»,
-
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.
Әртүрлі жылдары:
«Банк Тұран Әлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,
БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры,
- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,
- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,
- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,
- Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.
2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.