БҚДА жұмыс істеп тұрған коммуналдық автопарктерді бәсекелес ортаға беруді ұсынады

29 Наурыз 2022, 11:53
1392
Бөлісу:
БҚДА жұмыс істеп тұрған коммуналдық автопарктерді бәсекелес ортаға беруді ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

БҚДА қоғамдық көлік нарығында жаңа коммуналдық кәсіпорындарды құруға тыйым салуды, ал жұмыс істеп тұрған коммуналдық автопарктерді бәсекелес ортаға беруді ұсынады, себебі нарықтық ортада коммуналдық автобус парктері жұмыс істейді, бәсекелестікті жояды және жекеменшік паркпен салыстырғанда бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құнында жоғары бола тұра, бюджетке залал келтіреді,-  деді Марат Омаров.

Оның айтуынша, тұрақты тасымалдаудың әрбір маршруты бойынша белгіленген және есептік тарифтер арасындағы айырмаға негізделген шығындарды уақтыды субсидиялауды қамтамасыз ету қажет.

 Осы мақсатта жергілікті және/немесе республикалық бюджетте тиісті қаражатты көздеу қажет. Әлеуметтік маңызы бар маршруттарда қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру бойынша заңнама талаптарын орындамағаны үшін ЖАО басшыларының әкімшілік жауапкершілігін енгізу қажет. Тауар нарықтары мен монополиялық топтарды монополиясыздандыру жөніндегі жоғарыда көрсетілген шаралар салалық мемлекеттік органдар, нарық субъектілері, қауымдастықтар және ҰКП ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасында көлік саласын одан әрі тиімді дамыту жөніндегі нақты ұсыныстармен талдамалық ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі, - деді ол.

Ахметовтың айтуынша, көлік нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша ұсынылып отырған шараларды іске асыру бизнес субъектілері үшін тең қолжетімділік шарттарын қамтамасыз етуге, монополиялық шығындарды азайтуға, инвестициялар тартуға және ортамерзімді перспективада көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағаларды ескере отырып, жеткізушілерді таңдау мүмкіндігіне бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы