Түнгі Бозжыра шатқалы финдік фотографтың фокусында

14 Қараша 2019, 17:14
7099
Бөлісу:
Түнгі Бозжыра шатқалы финдік фотографтың фокусында
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финдік фотограф Юусо Хямяляйнен (Juuso Hämäläinen) Маңғыстау облысында болып, өзінің Instagram-дағы парақшасына түн жамылған Бозжыра шатқалының суреттерін салған екен.

Фотоны "Сахарадағы түн" деп атапты. 

Юусо Хямяляйнен – финдік фотограф, визуалды суретші. Өзінің суреттері арқылы сол жердің табиғатынан алған әсерлерімен бөлісіп отырады. 

Кезекті фотолар сериясын шебер фотограф Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына арнаған екен.   

Бұл таулы аймақ Қазақстанның батысында орналасқан Бозжыра шатқалы деп аталады. Біз суретке түсіруге ыңғайлы жерге тоқтадық. Күн ұясына батқанда бүкіл Құс жолын көруге мүмкіндік болды. Құс жолының екі жағында орналасқан екі шоқ жұлдыз – Сатурн (сол жағында) мен Юпитер (оң жағында). Ай көкжиектен төмен болды, сол себепті жарық жеткілікті түсті. Бұл мың суреттің ішінен бір сәтті сурет шығатын сәт, - деп өз әсерлерімен бөліскен екен.
1573707565_fins.jpg


Өзгелердің жаңалығы