Бозымбаев: Мемлекеттің міндеті – балаларды оқыту үшін жағдай жасау

1 Қыркүйек 2019, 15:46
2094
Бөлісу:
Бозымбаев: Мемлекеттің міндеті – балаларды оқыту үшін жағдай жасау

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласындағы өзі оқыған № 83 мектеп-гимназиясындағы салтанатты шараға қатысты. 

Шара барысында Алғашқы ұстаздарымен жүздесіп, ардагер педогогтарды, 1-сынып табалдырығын аттаған оқушыларды «Білім күнімен» құттықтады.

«Баршаңызды бүгінгі мерекелі күнмен шын жүректен құттықтаймын. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай балақайларды өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басуымен құттықтағым келеді. Үкімет білім саласына ерекше көңіл бөліп, жыл сайын мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға жағдай жасауда. Себебі мемлекеттің басты міндеті – балаларды оқыту үшін қажетті жағдай жасау. Менің де мектеп бітіргеніме қанша жыл өтсе де, қанша есейіп азамат болсақ та, алтын ұя мектебімізге деген құрметім азайған емес. Білім жолында сіздерге сәттілік тілеймін. Еліміздің абыройлы азаматы болыңыздар!», — деді министр салтанатты шарада. 

Ресми шарадан соң Қанат Бозымбаев өзі оқыған мектептің әр сыныбын жеке аралап, білім ошағының бұрынғы және қазіргі мұғалімдермен сұхбаттасты.

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты ашық сабаққа қатысып, жоғарғы сынып оқушыларымен пікір алмасты.

0505.jpg

Айта кету керек, министр аталған мектептің 1986 жылғы түлегі.

Өзгелердің жаңалығы