Бозымбаев Алтын Орда базары төңірегіндегі проблемаларға қатысты пікір білдірді

24 Ақпан 2022, 14:49
1310
Бөлісу:
Бозымбаев Алтын Орда базары төңірегіндегі проблемаларға қатысты пікір білдірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алтын Орда базары қызметінің төңірегінде жинақталған проблемаларды шешу мақсатында барлық бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау көзделген. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев брифингте айтты. 

Сонымен қатар ол нарық қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Іле ауданында А+класты автоматтандырылған логистикалық хаб салынатынын жеткізді. 

Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады, - деді Алматы облысының әкімі. 

Бүгінгі таңда Қанат Бозымбаев «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның негізін қалаушы Эдуард Киммен өзара меморандумға қол қойған.
Сөз арасында ол экспорттық, импорттық бағытта жүктерді ауыстырып тиеуге, сақтауға және қоймалауға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. 

Мысалы, «DAR RAIL Infrastructure» компаниясының Достық станциясындағы құны 25 млрд теңге болатын, 150 жұмыс орнын құратын жүк тиеу терминалының құрылысын айтуға болады. Жоба Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жылына 9 млн тоннаға дейін жүк пен 300 мың контейнерді тиеуді, сақтауды және қоймалау көзделген. Минералдық шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласына да баса назар аударылатын болады. Облыста уран-көмір кен орындарының бірегей қорлары, сондай-ақ марганец, вольфрам, алтынның бекітілген қорлары, пайдалы қазбалардың үлкен көлемді кен орындары бар, – деді Бозымбаев.
 

Өзгелердің жаңалығы