Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Босфорда паром жүк кемесімен соқтығысып, сегіз жолаушы жарақат алды

20 Қыркүйек 2025, 04:27
707
Бөлісу:
 CNN Turk
Фото: CNN Turk

Стамбулдағы Босфор бұғазында жолаушылар паромы құрғақ жүк кемесімен соқтығысып, кемінде сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Turk-ке сілтеме жасап.

Бешикташтан Үскүдарға қарай бет алған Kamil Sönmez паромы Панама туы астындағы Artvin жүк кемесімен қақтығысқан. Борттан ешкім құлап кеткен жоқ, бірақ сегіз жолаушы жарақат алды, – делінген ақпаратта.

Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Паром Пасхалимана айлағына қондырылды, ал жүк кемесі Жағалау күзеті тарапынан қауіпсіз аймаққа сүйреліп, тексеріс үшін зәкірге қойылды.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында да Босфорда екі жүк кемесі соқтығысқан, бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы