Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты.
Осы күнге дейін 85 адам босатылды. Оның ішінде 10-11 кәмелетке толмаған бала, 2 әйел бар. Біз Алматы қаласында біраз азаматпен кездесіп, материалдарын зерттеп, адвокаттарымен кездесіп, ұсыныстарды бердік. Босатуға байланысты ол ұсыныстар әлі қарауда жатыр. Алматыда біздің ұсынысымыз бойынша әлі де азаматтар шығарылып жатыр, - деді Абзал Құспан.
Заңгердің айтуынша, Шымкентте прокурорлар тағы 5 адамды шығару ұсынысымен келісті.
Сол себепті есеп өзгеріп отырады. Оқиғаларға қатысты 2898 қылмыстық іс (9 ақпан жағдайы) қозғалған. Қамауға алынғандардың қатары 800-дің маңында, біз шығарып жатқандар, ұсталып жатқанда бар, сондықтан дөп басып айта алмаймыз, - деді Абзал Құспан.