Бортында 6 адам болған жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

13 Сәуір 2025, 06:45
619
Бөлісу:
Бортында 6 адам болған жеңіл ұшақ апатқа ұшырады
Фото: Reuters

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында бортында алты адамы бар жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АҚШ федералды авиация басқармасы (FAA) мәлімдеді.

Mitsubishi MU-2B ұшағы Нью-Йорк штатының Копейк қаласына жақын маңдағы алқапқа құлады... Бортта алты адам болған, – деп жазылған хабарламада.

Өз кезегінде Reuters агенттігі авиациялық билік пен жергілікті полицияға сілтеме жасап, кем дегенде бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Соңғы аптада Америка Құрама Штаттарында бірнеше адам өліміне әкелетін авиациялық апаттар болды, соның ішінде Нью-Йорк маңындағы Гудзон өзеніне тікұшақ құлап, алты адам қаза тапты және Флоридада Cessna 310 ұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы