Астанада мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 14 қазанда Астанада полицейлер көлікті мас күйінде басқару фактісін анықтады.
Бауыржан Момышұлы көшесінде тәртіп сақшылары Chevrolet Ravon автокөлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ол рөлде мас күйінде болып, жолда бордюрге соғылған.
Медициналық сараптама ер адамның ағзасында алкоголь барын растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа эвакуацияланды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында көлік жол жиегіне аударылып, жүргізуші қаза тапты.