Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт шығып, екі адам қаза тапты

6 Қыркүйек 2021, 09:50
4706
Бөлісу:
Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт шығып, екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шыққан. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. 

Қазіргі уақытта өрт сөндірілген. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Өзгелердің жаңалығы