ТЖМ құтқарушылары шетел азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының 112 пультіне Самара-Шымкент тас жолының 825 шақырымында микроавтобус істен шығуына байланысты тоқтап, жолда қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу жолданған құтқарушылар мен ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері дереу адамдарға көмектесті. 17 адамның 14-і Өзбекстан Республикасының, ал 1-і Ресей Федерациясының азаматтары екені белгілі болды. Оларды жылыту пунктіне эвакуциялады, - деп атап өтті ведомстводан.
Бұған қоса көлік құралы да елді мекенге сүйретіліп әкелінді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.