Боранбаев ісіне қатысты сот отырысы басталды

4 Қаңтар 2023, 10:35
1304
Бөлісу:
Боранбаев ісіне қатысты сот отырысы басталды
Фото: автордан

Астанадағы Сарыарқа аудандық N2 сотында Қайрат Боранбаев ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Қаржы мониторингі агенттігі 2022 жылы қыркүйекте "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ, Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады.

Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені ұрлап, қылмыстық кірістерді заңдастырды деген күдікке ілініп отыр.

Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынған болатын. Оған квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды.

Қаржы мониторингі агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, ұрланған 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаржы кейіннен заңды кәсіпкерлік қызметтен дивиденд ретінде бөлу және төлеу желеуімен заңдастырылған. Тергеу барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Сондай-ақ 38 млрд теңге көлеміндегі қолма-қол ақша мен 4,2 млрд теңгенің жылжымайтын мүліктері тәркіленді. Бұл бөлім бойынша тергеу аяқталып, материалдар процеске қатысушыларға таныстыру үшін берілді.

23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

Өзгелердің жаңалығы