Боран, жаңбыр және тұман: Дүйсенбіде үш мегаполисте ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Астанада боран мен көктайғақ, Шымкентте жаңбыр, Алматыда тыныш күн болады деп болжады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов 16 Ақпан 2026, 11:21
16 Ақпан 2026, 11:21
1597
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Дүйсенбі күні Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Астана мен Шымкентте жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -10…-12 градус, күндіз -1…+1 градус болады. Оңтүстік желі секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі секундына 2-7 метр. Түнде +1…+3 градус, күндіз +8…+10 градус.

Шымкентте де құбылмалы бұлтты ауа райы, жаңбыр жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс желі секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +6…+8 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

Наверх