28 желтоқсанда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысында 28 желтоқсанда түнде қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік пен шығыста солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығы мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысы, солтүстігі мен орталығында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз оңтүстік-батысында және таулы өңірлерде 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, облыстың шығысында қалың қар күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таулы асуларда екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматы қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ сақталады.