Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қар жауып, боран соғуы, тұман түсуі, көктайғақтың пайда болуы және желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қолайсыз ауа райы төмендегі өңірлер мен қалаларда болжанып отыр:
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды облыстары, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Астана, Алматы қаласы және Алматы облысы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.
Қалың тұман күтілетін өңірлер:
Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Атырау облыстары, Шымкент қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Абай және Қарағанды облыстарының кей жерлері, Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары, Алматы қаласы мен Алматы облысы.
Жолдарда қауіпті жағдайлар болуы мүмкін өңірлер:
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары, Шығыс Қазақстан облысы (күндіз), Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл (таулы аймақтар) және Қызылорда облыстары.
Желдің күші:
– Елдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді;
– 28 м/с-қа дейін: Қостанай облысының солтүстігі мен батысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Астана қаласында, Жетісу облысының кей аумақтарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (күндіз).
Құтқару қызметтері тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады:
– мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тарту;
– жолда жылдамдық режимін сақтау;
– жаяу жүргіншілерге көктайғақ пен көрінудің нашарлауын ескеру;
– төтенше қызметтердің жедел хабарламаларын қадағалау.
Жағдай тиісті мекемелердің тұрақты бақылауында.