Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боран мен көктайғақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 22:25
204
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ертең, 23 желтоқсан күні Қазақстанның 17 облысында, соның ішінде Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде боран, қар, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Желдің екпіні кей өңірлерде 20-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында тұман мен қарлы боран болжанады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Шымкент, Алматы, Қонаев қалаларында тұман мен көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қар, төменгі боран, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Астанада жолдарда көктайғақ болып, оңтүстік-батыс желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға, алыс сапарларды шектеуге және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы