Ертең, 25 қараша күні еліміздің 14 облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірлердің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, боран және күшті жел күтіледі.
Жетісу облысы – түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында, таулы аудандарда тұман. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысы – облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және Атырау қаласында тұман.
Маңғыстау облысы – оңтүстік-шығыс жел 15-20 м/с.
Қызылорда облысы – жергілікті жерлерде тұман.
Батыс Қазақстан облысы – облыс аумағында және Орал қаласында тұман.
Ақтөбе облысы – түнде солтүстігі мен шығысында тұман.
Қарағанды облысы – шығысында көктайғақ, кей өңірлерде тұман. Желдің екпіні 15 м/с.
Абай облысы – қар, төменгі боран, көктайғақ; түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы – қар, боран және көктайғақ; Өскеменде түнде көктайғақ. Жел 15-20 м/с.
Қостанай облысы – батысы мен солтүстігінде көктайғақ, тұман; жел 15-20 м/с.
Ұлытау облысы – кей жерлерде тұман.
Павлодар облысы – батысы мен оңтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы – күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. Жел 23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысы – тұман, түнде көктайғақ. Жел 15-20 м/с.
Синоптиктер азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға және мүмкіндігінше алыс сапарларды шегере тұруға шақырады.