Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боран: Астана мен Қарағанды арасындағы тасжол жабылды

8 Қараша 2025, 21:00
346
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

8 қарашада сағат 18:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының кейбір учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған қар аралас боран, қатты жел және көру қашықтығының төмендеуі себеп болған.

Ақмола облысында:

  • жолдың 30–92 шақырымы аралығы (Жібек Жолы бақылау бекеті – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысында:

  • жолдың 92–164 шақырымы аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау бақылау бекеті).

Жол қызметтерінің мәліметінше, қозғалыс 9 қараша күні сағат 09:00 шамасында қайта ашылуы мүмкін.

Тұрғындарға сапар жоспарлағанда бұл шектеулерді ескеріп, боран мен нашар көрінетін жағдайда жолға шықпау ұсынылады.

Жолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 call-орталығынан білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы