Борамбаев биылғы «Айбын» жиынындағы ерекшеліктер туралы айтты

27 Қыркүйек 2021, 16:50
2065
Бөлісу:
Борамбаев биылғы «Айбын» жиынындағы ерекшеліктер туралы айтты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қатысушы командалардан басқа онлайн-жиындағы жеке сайыстарға «Айбын» мобильдік қосымшасында тіркелген және конкурс пен жарыс шарттарын орындаған 14-18 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Екіншіден, жиынның бағдарламасына екі жаңа сайыс қосылды. Атап айтқанда, «Жас Сарбаз – жас тілшісі» жас тілшілер сайысы мен тоғыз-құмалақ ұлттық ойынынан онлайн-турнирі, - деді ол. 

Борамбаевтың айтуынша, алты жыл ішінде алғаш рет тұрақты негізде «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады.

 

Бұл әскерге шақырылуға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін құрылған жұмыс алаңы. Бұл орталықта «Айбын» жиынының фронт-офисі, брифинг залы және «Жас Сарбаз медиа» студиясы орналастырылады. Байқау барысын веб-сайт және «Айбын» мобильді қосымшасы арқылы интернет-қолднушылары бақылай алады. Бұл сайыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Жиын туралы жалпы ақпарат, тұжырымдама, ереже, жарыс регламенті, конкурстар, жиынды өткізу бағдарламасы, оқыту мен емтихан платформасы орналастырылған онлайн-платформа әзірледік, - деді ол.
 

Бұған дейін биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны қалай өтетінін хабарлаған болатынбыз.

 

 

Өзгелердің жаңалығы