Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Болжам: Салық реформасынан қанша пайда түседі

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
9 Сәуір 2025, 10:57
720
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Салық реформасынан не күтеміз? Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нәтиже айқын сезіледі. Жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері. Ұлттық қорға тәуелділіктің төмендеуі. Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді. Иә, өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін, бірақ бұл әсер уақытша болады және бір жыл ішінде күтіліп отыр. Біздің есептеулеріміз бойынша қосымша инфляция 2,5-3%-ды құрайды, - деп түсіндірді Вице-премьер Мәжіліс отырысында.

Сөзінше, бұл жобаның негізгі ұсыныстары. 

Біздің бірлескен жұмысымыз елдің дамуы үшін қаржылық негізді қамтамасыз ететін және халықтың кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыратын жаңа әділ салық жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетіні туралы жазғанбыз.  "Сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы