Боливияда тасқыннан 26 адам зардап шекті

Бүгiн, 21:29
104
Бөлісу:
Боливияда тасқыннан 26 адам зардап шекті

Боливия астанасы Ла-Пас қаласын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Толассыз жауын салдарынан мыңдаған адам сыртқа шыға алмай қалған. Көбі құтқарушыларды күтіп отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 4 жасар қыз жоғалып кеткен. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Бұдан бөлек, 26 азамат жарақат алған. 40-тан астам үйге зиян келген. Ел президенті тасқыннан зардап шеккен аймақты қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстардың бәрі қолға алынатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы