Боливияда автобус апатқа ұшырап, жиырма адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Xinhua агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Ла-Пас қаласынан 400 шақырым жердегі Коломи орталық муниципалитетіндегі Кочабамба-Санта-Крус тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылған.
Жол апатынан барлығы 39 адам зардап шегіп, Кочабамбадағы ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алғандар жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісінің ішімдік ішкен-ішпегені тексерілуде.
Алдын ала болжамға сәйкес, көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған немесе автобустың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.