Болгарияның сарапшылар қауымдастығы Қазақстанның саяси жүйесіне баға берді

11 Наурыз 2023, 18:46
768
Бөлісу:
Болгарияның сарапшылар қауымдастығы Қазақстанның саяси жүйесіне баға берді
Фото: www.gov.kz

«Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлау: Болгариядан сараптамалық көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев саяси жүйені түбегейлі түрде қайта жүктеу қажеттілігінен туындаған және Қазақстандағы биліктің мемлекеттік институттарын саяси тұрғыдан жаңарту цикліндегі қорытынды кезең болып табылатын алдағы сайлаудың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ ол сайлау 2022 жылғы маусымында республикалық референдумда азаматтардың көпшілігі қолдаған конституциялық реформалардың рухына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Алдағы кезектен тыс сайлау Әділетті Қазақстанды, яғни саяси жүйесі айқын, серпінді әрі бәсекеге қабілетті кемел қоғам құруға одан әрі үлесін қосады. Мұндай мемлекет халықаралық қоғамда, соның ішінде Болгария үшін де, бұдан да мықты әрі сенімді серіктес болатыны сөзсіз, - деді қазақстандық дипломат. 

Еркін пікірталаста болгар сарапшыларының Қазақстанда болып жатқан ауқымды саяси өзгерістерге және Мәжіліс пен мәслихаттарға алдағы сайлауға деген қызығушылығын көрсетті.

Аталған іс-шараға қатысушылар өздерінің пікірлері мен түсініктемелерінде қазақстандық биліктің елдің саяси жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттің табысты дамуы үшін оң үрдістер белгілейтін жаңа жолдарды іздеуге деген көзқарасын жоғары бағалады. Олардың пікірінше, әлем геосаяси және геоэкономикалық тәуекелдер мен сын-тегеуріндерге тап болған жағдайда, тұрақты және кемел Қазақстан өз азаматтарының ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия аймағынан тыс жерлердің де мүдделеріне сай келеді. Қатысушылар реформалар үрдісін құптап, қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда Қазақстан басшылығын толық қолдайтынын растады.

Іс-шара соңында сарапшылар Астана мен София арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың үдемелі сипатын атап өтіп, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейі мен перспективаларын жоғары бағалады.

Өзгелердің жаңалығы