Бөлекпаев астық және көкөніс қоймаларын дайындауды тапсырды

5 Маусым 2023, 15:17
1121
Бөлісу:
Бөлекпаев астық және көкөніс қоймаларын дайындауды тапсырды
Фото: BAQ.KZ Архив

Қарағанды облысында егіс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл өткен сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тұқым сапасына, агротехнологияларды сақтауға көбірек көңіл бөлуде. Бұл үлкен өнім алуға мүмкіндік береді.

Егіс науқанының қорытындысы туралы аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров баяндады.

Биылғы жылы жаздық егіс алқабы 1 млн 105,5 мың гектар, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 43,7 мың гектарға ұлғайды. Өсім Абай, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарындағы алқабтардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Дәнді дақылдар 957,2 мың гектарға, картоп - 12 033 гектарға, көкөністер - 274 гектарға отырғызылды. Жемшөп дақылдарының алқаптары 16,3 мың гектарға ұлғайып, 76 мың гектар болды - деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев егінді зиянкестерден қорғау үшін егістіктерді уақтылы өңдеп, астық және көкөніс қоймаларын дайындау жұмыстарын бастауды тапсырды.

Бюджеттен қаражат бөлінді, егістіктерді өңдеу маусым айына жоспарланған. Жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау қажет. Сондай-ақ техниканы егін жинауға біртіндеп дайындай бастау қажет, сондай-ақ өнімді қабылдау үшін қоймаларды әзірлеу керек. Малға жем дайындауды да қолға алыңыздар, - деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы