Болат Назарбаевқа қатысы бар жерлер сатылымға қойылды

Бөлісу:
Болат Назарбаевқа қатысы бар жерлер сатылымға қойылды
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Елімізде 2023 жылы Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания құрылған еді. Сол уақыттан бері компания заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарумен айналысып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Назарбаевтар әулеті шыққан Шамалған ауылы маңындағы 142 гектар жерді екінші рет аукционға шығарды.

KursivMedia басылымының мәліметінше, Үш-Қоңырдағы резиденция маңында орналасқан бұл жер телімі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм бауыры Болат Назарбаевқа қатысы бар.

Болат Назарбаевқа қатысы бар жерлер сатылымға қойылды
cabinet-auction.e-qazyna.kz

Электрондық сауда алаңында жарияланған лоттың бастапқы бағасы 127,8 млн теңге деп тұр.

Жер телімі «Үш-Қоңыр» резиденциясына барар жолда күзет бекетінің артында, Іле-Алатау ұлттық паркінің ерекше қорғалатын аймағымен шекаралас. Шамалған ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан. Учаскеге кіру және шығу жолдары ыңғайлы орналасқан. Кірме жолдарға асфальт төселіп, жол жүргізілген. Жер бедері де тегіс, ойлы-қырлы емес, жол талғамайтын көлікпен кез келген жеріне жетуге болады, – делінген сайттағы жарияланған сипаттамада.

Еске сала кетейік, аталмыш жер телімі осыған дейін, яғни 2024 жылғы 6 желтоқсанда алғаш рет аукционға қойылған еді. Алайда оған бірде-бір қатысушы тіркелмегендіктен, сауда-саттық өткізілмей қалды. Бүгін жарияланаған аукционға да ешкім қатыспағандықтан, жер телімі екінші рет сатылмай қалды.  

Өзгелердің жаңалығы