Елге оралмаған "болашақтықтар" бар

27 Қараша 2019, 18:15
5580
Бөлісу:
Елге оралмаған "болашақтықтар" бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Болашақ" халықаралық бағдарламасымен шетелде оқып, Қазақстанға оралмаған түлектер бар. Яғни, шетелде қалып қойғандар бар. 

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова бүгінгі брифинг барысында мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда осы 20 жылдық тарихта 1993 жылдан бастап 13 836 стипендиат тағайындалған. Оның 10 мыңнан астамы түлектер. Бұл қазіргі кезде қызметтік қолданыстағы ақпарат. Сондықтан нақты әртүрлі категорияда жұмыс істеп жатқан, елге оралмаған түлектер бар. Бірақ толыққанды ақпаратты жазбаша түрде жолдаймыз. Олардың елге қайтпау себептері әртүрлі. Нақты санын тікелей ресми сұрау ретінде жіберсеңіздер, жазбаша түрде жауап береміз, - деді Айнұр Кәрібозова.

Ол "Болашақ" бағдарламасымен шетелдің озық оқу орындарында білім алып, елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар жөнінде де айта кетті.

Шетелде білім алған мамандықтары бойынша он мыңнан астам "болашақтықтар" ел экономикасының дамуына атсалысып жатыр. Бес жылдық және үш жылдық еңбек өтілі шеңберінде қызмет етіп жүрген 3393 түлек бар. Солардың 99% өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуде, - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті.

Сондай-ақ, брифингте баяндама жасаған білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари 100-ге жуық түлектер саяси қызметкерлер мен топ-менеджерлер екенін айтқан еді. Түлектердің басым бөлігі жоғары лауазымды қызмет атқарады екен. Және де жыл сайын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік сұраныс бар перспективалық мамандықтарды бағыттап отырады.

Өзгелердің жаңалығы