Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Болашақта ЦОН-дар жабылуы мүмкін

Олжас АДАЙ
1 Сәуір 2025, 12:00
3073
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) керек болмай қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайнға өтіп жатыр. Болашақта ЦОН-дардың (халыққа қызмет көрсету орталықтары) қажеті мүлдем болмауы мүмкін деген ойымыз бар. Алайда олар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан олардың жұмысын жетілдіру керек, - дейді үкімет басшысы.

Айта кетейік, енді жеке куәлікті алу толығымен онлайн форматқа көшірілетіні белгілі болған еді.

Өзгелердің жаңалығы