Болашақта Маңғыстауда не өзгереді?

Бөлісу:
Болашақта Маңғыстауда не өзгереді?
Фото: el.kz

Маңғыстау облысының әкімі өзі басқарып отырған өңірге қатысты жағымды жаңалықты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте әкім Нұрдәулет Қилыбай Үкіметте Маңғыстау облысын дамытуға арналған жиын өткеніне тоқталды. Жиында 2027 жылға дейін туристік кластерді дамытуға бағытталған 167 млрд теңгенің 14 ірі жобасы іске асыру жоспарланған.

Бозжыра мен Айрақтыда әр қайсысы 150 орындық қонақүй кешені бой көтеріп, Каспий жағалауында 500 адамға дейін демалатын сауықтыру кешені мен балалар сауықтыру лагерлерін салу да жоспарланған, - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар "Ақтау" халықаралық әуежайынан ұшатын ішкі және халықаралық әуе рейстері 28 бағытқа дейін артады деп күтіліп отыр.

- Кендірліде жаңа әуежай салынады.

- "Маңғыстау" теміржол вокзалы қайта жаңғытылады.

Нәтижесінде тәулігіне 2,5 мың жолаушыны қабылдайтын болады.

- Алдағы 5 жылда Маңғыстаудан қатынайтын жолаушылар поездарының 250 вагоны жаңарып, Құрық портында паромдық паркі құрылады деп жоспарланып отыр.

Ақтау мен Жаңаөзен қаласында озық үлгідегі жаңа драма театрлары салынбақ. Дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернатының құрылысын жүргізу де даму жоспарына енгізілді. Спорт мектеп интернаты жоқ бірден бір өңір едік. Бұл орталық болашақ чемпиондарды дайындап шығады деп сенеміз, - деді Нұрдәулет Қилыбай брифингте.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі облыста туризмді қалай дамытатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы