«Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарды

1 Ақпан 2023, 17:23
988
Бөлісу:
«Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарды
Фото: Elorda.info

Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Мұндай түлектер үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбекпен өтеу мерзімі бес жылдан төрт жылға, өңірлерде – үш жылдан екі жылға қысқартылады, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Өзгелердің жаңалығы