Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Стипендиаттардың 167-сі магистратурада, 13-і докторантурада білім алады. Ал 37 адам әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама бойынша білім алушылардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды таңдаған.
Сондай-ақ комиссия шешімімен 68 қазақстандыққа шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындалды.
Стипендия иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.