Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары әлемнің жетекші университеттеріне барады

8 Тамыз 2025, 12:25
669
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, 217 адам "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Сондай-ақ, 68 қазақстандық ғалым ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша стипендиялар тағайындалды. 

Осыған байланысты, жақын арада 217 жаңа "Болашақ" стипендиатының және ғылыми тағылымдамалар берілген 68 ғалымның есімдері жарияланады. 

Олар MIT, Harvard, Imperial College London, UCL, Humboldt-Universitat zu Berlin сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен орталықтарында оқытудан және ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Өзгелердің жаңалығы