Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2021-2022 оқу жылына білім гранттарын ұсынады.
Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша – 40 орын;
Магистратура бағдарламасы бойынша – 10 орын;
Оқу тілі – орыс тілі.
Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.
Грант келесі шығындарды өтейді:
тегін оқу;
ай сайынғы стипендия (130-150 сомони);
жатақханада тұру.
Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражатынан жабады.
Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2021 жылғы 20 тамызға дейін.
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
- Нысан бойынша толтырылған сауалнама. Сауалнама мына сілтемеде.
- Жеке куәліктің және/немесе паспорттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері талап етіледі).
- Білім туралы құжаттар. Құжаттарға қойылатын талаптармен жадынамадан танысуға болады.
- Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
- Шетелде оқуға жіберуге үміткердің (18 жасқа толмаған адамдардың) заңды өкілінің (ата-аналары, бала асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, баланы қабылдайтын ата-анасы, патронат тәрбиешісі) жазбаша келісімі.
- Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
- мүгедек балалар- «медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа үміткерге қайтарылады);
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар-бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады)
7. Шетелдік ЖОО-ның мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар шақыруының көшірмесі (бар болса).
8. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда-конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.